Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті болып сайланды

26.09.2015
Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті болып сайланды

Бүгін, 26 қыркүйек күні, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің XVII Съезі өтіп, ұйымның жаңа президенті мен Атқарушы комитет сайланды.

ҚР ҰОК Атқарушы Комитеті президент лауазымына Тимур Асқарұлы Құлыбаевты ұсынды. Съезд шешімімен Тимур Асқарұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті ретінде бірауыздан сайланды. Бұрын бұл қызметті 2006 жылдан бастап Темірхан Досмұхамбетов атқарды.

Съезд жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, еліміздің қоғамдық-спорттық қызметкерлері - Ұлттық Олимпиада Комитетінің мүшелері қатысты. Съездің аяғында Тимур Құлыбаев білдірген сенімі үшін алғыс білдіріп, ҰОК алдында тұрған мақсаттардың, оның ішінде 2016 ж. Рио-де-Жанейро Олимпиада Ойындарына дайындықтың маңыздылығын атап өтті.

Тимур Құлыбаев Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының Президенті мен AIBA Халықаралық бокс федерациясының вице-президенті.

Хабарламаларға жазылу