Аталмыш шараны «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global ды дамыту коалициясы» Астана қалаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бағдарламалар кеңсесі мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының қолдауымен ұйымдастыруда.
Шараның мақсаты - Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру, қоғам, ғылым, бизнес және мемлекеттің бірігуімен Қазақстандағы «жасыл экономиканың» мүмкіншіліктерін насихаттау.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының «Органикалық тауарлар өндірісі жайлы» заң жобасына ұсыныстар әзірлеу, жасыл технологиялар туралы тәжірибе және пікір алысуды мақсат етіп отыр.
Жұмыс барысында «жасыл» экономика сарапшылары ауыл шаруашылығы қожалықтарының басшыларына арналып, шеберлік сабағы өткізіледі.
Бұған қоса, ауылдарды дамыту және ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жайында сөз қозғалады.
Жұмыс барысында қалалық әкімдік өкілдері, жергілікті сарапшылар, кәсіпкерлер, даму институттарының өкілдері және тағы басқалар қатысады деп күтілуде.