«Еуразия Барысына» қатысатын қазақ балуандары қазан айында анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия Барысына» қатысатын қазақ балуандары қазан айында анықталады

28.09.2015
«Еуразия Барысына» қатысатын қазақ балуандары қазан айында анықталады

Биылғы жаттығу жиындарына ел чемпионатында топ жарған спортшылар мен «Қазақстан Барысы» турниріне қатысушы балуандар шақырылды.

Оқу жаттығу жиындарында балуандарды Марат Жақыт, Жеңіс Биткөзов сынды жаттықтырушылар баптайды, деп хабарлайды kazakhstanbarysy.kz.

Тараздағы жаттығу жиындары қазан айының сегізіне дейін жалғасады деп күтілуде.

Бұдан кейін бапкерлер кеңесі ақылдаса келе бабында жүрген балуандарды «Еуразия Барысы» турниріне іріктейді.

Қазір Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Ғани Сейділдаев, Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Асыл Барменов сынды «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқу-жаттығу жиындарына қатысуда

Естеріңізге сала келейік, 9-қазанда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған Еуропа мен Азия елдерінен сегіз құрама қатысады.

Биылғы «Еуразия Барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылып өткелі отыр. Бұған дейінгі екі турнирде балуандар 5 салмақта дәрежесі бойынша командалық сынға түссе, биыл 7 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

Турнирге сегіз мемлекеттен жалпы саны 56 балуан қатысады. Бұған дейін балуандардың салмақ дәрежесі 60, 70, 80, 90 және + 90 келі болып белгіленсе, биылдан өзгеріс еніп, балуандар 55, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде белдесуге шығады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған командаларға келесі реттегідей ақшалай сыйақылар табысталады:

1-орын – 9 400 000 теңге

2-орын – 5 640 000 теңге

3-орын – 3 760 000 теңге

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Ресми демеуші: «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 

 

 

Хабарламаларға жазылу