Саз аспаптарын жасайтын шеберхана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саз аспаптарын жасайтын шеберхана

29.09.2015
Саз аспаптарын жасайтын шеберхана

Саз аспаптарын жасау – қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсібі. Осы тұрғыда бабалар ісін жалғастырушы, саз аспаптарын жасайтын «Шертер» шеберханасын ерекше атауға болады. Шеберхана 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұнда ұлттық аспаптардың барлық түрі жасалады.

«1995 жылдарға дейін ұлттық аспаптардың 30-ға тарта түрін жасап келдік. Қазір аспаптың барлық түрін жасаймыз. Тек қана қазақтың өзінің 40-тан астам ұлттық аспабын жасаймыз»,-дейді ағаш шебері Мейірбек Ділманов.

Шеберхананың жаңа ғимараты 2013 жылы ашылған. Жаңа кәсіпорынға шеберхананың негізін қалаушы, белгілі өнер зерттеушісі Сапарбек Әліұлының есімі берілді. Мұнда шеберлердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Ағашты кесіп-өңдейтін, аспаптың негізгі бөлігін жасайтын, әрлейтін бірнеше цех жұмыс істейді.  Өнімдер қарағаш, жиде, үйеңкі, жаңғақ, шырша, емен, қайың және т.б. қатты ағаштардан жасалады.

Толығырақ - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу