«1 қазан күні «Мен сыйға тартқан орамал» деген дүкенімнің тұсауын кеспекпін. Қазір екі дизайнермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар менің брендтік орамалдарымды дайындауда. Мұндай идеяны таныс журналист қыз ұсынды. Алғашқыда кәсіпті бастауға жүрексіндім.
Бірақ, «біз шетелдің орамалын қымбатқа сатып аламыз, неге өзіміздің қазақы өрнегі бар, қазақтың қыздарына арналған орамал шығармасқа»,-деген ой келді. Оның үстіне күнделікті киіп жүрген киімдерімізге аз да болса қазақы өрнек қосу деген ой бұрыннан бар-тын. Ол заманауи әрі қазақы болса, кез-келген адам киер еді»,-дейді әнші.
Шығармашылығындағы жаңалықтарға ойысқан әнші: «Алдағы уақытта Атыраудың Қызылқоға ауданы, Құлсары елді мекенінде Әбдіжаппар Әлқожа екеуміз «Әпке» атты шығармашылық кеш бермекпіз. Қазір соған дайындық үстіндеміз. Ал, жеке шығармашылық кешіме іштей дайындалып жүрмін. Бұл енді алдағы уақыттың еншісінде»,-дейді.
«Жуырда «Көктем қызым» деген ән жаздым. Әні – Үкітай Ерниязовтікі, сөзі – Ұлықбек Бекұзақұлынікі. Сондай-ақ, 2006 жылы жазылған «Ерке Каспий» деген ән бар еді. Сол әнді жуырда Ақтауда өтетін концертке сый ретінде жаздық. Сөзін Әлия Дәулетбаева жазған».
Сұхбаттың толық нұсқасын таңғы бағдарламадан көре аласыздар.