Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.
Қазақстан Президенті еліміз бен Люксемург арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, К.Беттельді Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады, деп үміттенетінін жеткізді.
Люксембург Премьер-министрі өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді және дамудың маңызды мәселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтардың басын қосқан Астана экономикалық форумының табысты өткенін атап айтты.