«Ағайындылар» тобы: Үшінші әніміз «Ал не дейсің маған?», деп аталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ағайындылар» тобы: Үшінші әніміз «Ал не дейсің маған?», деп аталады

30.09.2015
«Ағайындылар» тобы: Үшінші әніміз «Ал не дейсің маған?», деп аталады

Бауыржан Қаңтарбаев, Мәулен Әміров, Еркебұлан Ермекұлы бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Топтың «Рас па?» және «Уәде бер» әндері соңғы уақытта жастар арасында кең танылған туындылардың бірі. Репертуар таңдауға қатысты топ мүшелері: «Әндерімізді өзіміз таңдаймыз. Алдымен, тақырыбына қараймыз. Себебі, тақырыбы ерекшеленіп тұрса, адамның есінде қалады, әрі құлаққа да ерекше естіледі. Үшінші әніміз «Ал не дейсің маған?», деп аталады»,-дейді.

«Бізге «Сіздер ағайынсыздар ма?», деген сұрақты жиі қояды. Біз бір үйдің баласы емеспіз. Бірақ, бірге оқыдық, бір жатақханада тұрдық. Үшеуіміз үш жүзденбіз. Қазақ бөлінбесін, ағайын болсын, деген ниетпен топтың атын осылай қойдық».

«Рас па» әнінің лирикалық бағытта орындалған нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу