Астанадағы жәрмеңкеде Шығыс-Қазақстан облысының тауар өндірушілері 200 тоннаға жуық өнім ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы жәрмеңкеде Шығыс-Қазақстан облысының тауар өндірушілері 200 тоннаға жуық өнім ұсынады

30.09.2015
Астанадағы жәрмеңкеде Шығыс-Қазақстан облысының тауар өндірушілері 200 тоннаға жуық өнім ұсынады

Бұл күндері елорда тұрғындары облыстың шығармашылық ұжымдары ұйымдастырған көрмені тамашалап, концерттік бағдарламаларды тамашалайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы күндері шығысқазақстандықтар бірнеше шығармашылық туындыларын әзірлеп, облыстың даму деңгейін көрсету үшін тыңғылықты дайындалуда.

Облыстың үздік фермерлері мен кәсіпорындары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ең сапалы өнімдерін ұсынады.

Алаңда жалпы саны 106 шатыр орнатылып, сатылымға 4,8 тонна жылқы еті, 2,5 тонна сүт өнімі, 30 тонна бал, 5 тонна күнбағыс майы, 5 тонна шұжық өнімі, 76 тонна картоп және көкеністер, 40 тонна бақша дақылдары, 3 тонна балық, 3,7 тонна дәнді дақылдар, 6,5 тонна ұлттық өнімдер қойылады.

Осылайша, жалпы құны 98 млн теңгеге 176,5 тонна өнім түрін қою жоспарлануда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жәрмеңке қалашығы Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қилысында орналасқан «МЕГА» сауда орталығының алаңына орналастырылады.

 

 

Хабарламаларға жазылу