Қызылорда облысының ситуациялық орталығы халықаралық дәрежедегі сыйлыққа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының ситуациялық орталығы халықаралық дәрежедегі сыйлыққа ие болды

01.10.2015
Қызылорда облысының ситуациялық орталығы халықаралық дәрежедегі сыйлыққа ие болды

Нидерланды елінің Амстердам қаласында өткен аудиовизуалды инновациялар көрмесінде Ситуациялық орталық жобасы «Үздік басқару орталығы» аталымынн жеңіп алды. Айта кетейік, Ситуациялық орталық еліміздегі ең алғашқы аймақтық жоба болып табылады.

Аймақ басшысы халықаралық көрме марапатын жобаны көрмеге апарып таныстырған «Полимедиа» компаниясының құрылтайшысы Елена Новикова мен облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітоваға тапсырды.

Аталмыш жоба мен Қазақстан мен Ресейдің басқару жүйесіндегі тәжірибелер шетелдіктердің қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу