Аквариум алған жағдайда оған күн сайын күтім жасау қажет. Суын ауыстырып, жарық бергіш, жылытқыш құралдарының жұмысын қадағалау керек.
Таңертең және кешке тамақтандырар алдында балықтарды тексерген жөн. Сау балықтар теңселмей, бірқалыпты жүзеді. Денесінде ешбір дақ болмайды.
«Аквариум – жүйкені тыныштандырады. Ол - жеке әлем іспеттес. Мысалы, бірдей өсімдіктер мен бірдей балықтарды қатар әкеліп, бір-бірінен айнытпай, екі аквариум жасап қойсаңыз, екеуіндегі тәртіп те, балықтардың қарым-қатынасы өзгеше қалыптасады», - дейді аквариум жасаушы Александр Тарелкин.
Аквариум қалай жасалады? «Таңшолпаннан» көріңіз!