Бүгін - Бақытжан Момышұлының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Бақытжан Момышұлының туған күні

03.10.2015
Бүгін - Бақытжан Момышұлының туған күні

Бақытжан Момышұлы 1941 жылы 3 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Жазушы, аудармашы, Бауыржан Момышұлының ұлы. Некрасов атындағы  № 910 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып қызмет атқарған.

Б.Момышұлы шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған. Ш.Мұртазаның «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын  сәтті аударған.

Бірнеше әңгіме, повесть, романдар жинақтары жарық көрген.

Қаламгердің қаламынан туған «Добрые мосты», «Раскаленные камни», «Прозрачные льдины», «Тихие голоса», «Я еще ребенок», «Когда ты рядом», «Мен әлі сәбимін», «Восхождение к отцу», «Дети-Великаны», «Жанымның жарық жұлдызы», «Во имя отца», «Звезда брата», «Турксиб – земля полководца», «Сыновья Великого Волка», «В поиске света», «Путь Огненного Орла», «Сердце Волка», «Орда алая и Мечеть белая», «Преломление Света» сияқты кітаптары қалың оқырман қауымнан, сыншылардан жоғары бағасын алып, әдебиеттің алтын қорына қосылған көркем дүниелер.

Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Бірнеше мәрте Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі болып сайланған. Медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Бақытжан Момышұлы  2012 жылдың 9 желтоқсанында  өмірден өтті.  

Хабарламаларға жазылу