Ой – өміршең, әрі оны басқаруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ой – өміршең, әрі оны басқаруға болады

03.10.2015
Ой – өміршең, әрі оны басқаруға болады

Кеңістік пен уақыт – параллель. Бүгінде ғалымдар бұл фактіні дәлелдеп отыр. Осыған сай, бір уақыттан екіншісіне өтуге болады, деген тұжырым жасауға толық негіз бар. Бір қызығы, ұзақ уақыттан бері ойдың берілуін, қашықтықтағы ой  ұғымын жоққа шығарып келген ғалымдар бүгінде осы сұрақты терең зерттеуге кіріскен.

Шығыстың «ой – өміршең» деген тіркесі көпке мәлім. Яғни, ой – кеңістікті басқара алады. Мысалы, балалар бір нәрсені аса қатты қаласа, соған қол жеткізеді емес пе?! Алайда, тек жағымды ойлар ғана жүзеге аспайды, негативті ойлар да орындалуы мүмкін. Мұның бәрі адамның қалай өмір сүретініне, өзін қаншалықты бағалайтынына байланысты.

Ғалымдар адамның өзі-өзі бағдарламалау тиімділігін анықтаған. Бұл әдіс лингвистикалық және визуалды бағдарламалауды пайдалану арқылы жүзеге асып отыр. Шығыс тәжірибесінде бұл әдістер бұрыннан қолданылып келеді. Олар мұны  визуализация және  медитация деп атайды.

Визуализация – нақты бір әрекетке және оқиғаға әсер етеді. Ал, медитация әдістері визуализацияны толықтырып тұрады. Айта кету керек, қиялы жайдары адамдарға болашағын бағдарлау өте оңай. Ал, психологиялық немесе эмоционалды адамдарға бұл әдіс қиынға соғады.

Ғалымдар жағымды тұжырымдардың тиімділігін анықтаған. Бұл эзотерикалық практикада аффирмация деп аталады.  Негізі адам тәнін ғана емес жанын емдейтін жағымды тәсілдердің тұтас жүйесі бар. Бұл өте қарапайым әрі қолжетімді кезеңде жүзеге асатын нейролингвистикалық бағдарламалау. Оның көмегімен болашақ бағдарламасына тереңірек үңіліп, секунд ішінде адамды алда не күтіп тұрғанын көруге болады.

Хабарламаларға жазылу