Бойшаң адамдарда ауруға шалдығу қаупі жоғары болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бойшаң адамдарда ауруға шалдығу қаупі жоғары болады

03.10.2015
Бойшаң адамдарда ауруға шалдығу қаупі жоғары болады

Швед ғалымдары адамның бойы мен оның оба ауруына шалдығуының арасында байланыс бар екенін анықтады. Медицина ғылымдарының мамандары 5 миллион адамды бақылауға алған.

Нәтижесінде, егде жастағы адамдардың бойының 10 сантиметрге өсуінен онкологиялық ауруларға шалдығуы ер адамдарда - 11 пайызға, әйел адамдарда 18 пайызға артатыны белгілі болды. Ал, ұзын бойлы әйел адамдарда сүт безі обырына шалдығу қаупі 20 пайызға жоғары болса, бойшаң адамдарда меланома дертіне шалдығу қаупі 30 пайызға артады.

Айта кетейік, адам бойының ұзындығы мен онкологиялық ауруларға шалдығу қаупінің арасында байланыс бар екені 2014 жылы анықталған. Алайда, әлі күнге дейін мұның нақты себебі түсіндірілмей келеді.

Зерттеушілер: «адам денесіндегі жасушалардың көптігінен бір жасуға обырлық мутацияға ұшырауы мүмкін», дейді. Британиялық профессор Дороти Беннеттің айтуынша, обыр – жасушаның мутацияға ұшырауы. Ал, бойшаң адамдарда жасуша саны көп болады.

«Обырдың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, темекі шекпеу керек», деп кеңес береді медицина мамандары.

Хабарламаларға жазылу