«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа комедиялық телехикая ұсынады. Туындының оқиға желісі қалада пәтер жалдап тұратын отбасының бастан кешкен оқиғалары негізінде өрбиді.
Мырзахановтар отбасы ауылдан қалаға қоныс аударады. Отбасылық қаражаттары өздеріне жеке пәтер сатып алуға жетпегендіктен, олар уақытша пәтер жалдайды.
Алайда Мырзахановтар түрлі қаржылық мәселеге тап болады. Нәтижесінде қалада олар тұрмаған аудан қалмайды. Маңдай терімен тапқан-таянғандарын пәтер иесіне береді...
Мырзахановтар отбасы тағы қандай қызықты оқиғаға тап болады? Мұны 10 қазаннан бастап эфирге шығатын «Жаңа қоныс» телехикаясынан көріңіздер.