«Абай» қойылымы 1940 жылы Асқар Тоқпановтың, 60 жылдары Әзірбайжан Мәмбетовтың, 90 жылдары Ж.Хаджиевтің, 2010 жылдан бері Есмұхан Обаевтың режиссурасымен сахналанып келеді.
Аталмыш қойылымда Абай рөлін М.Әуезов театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл сомдайды. Сонымен қатар, «Абай» трагедиясында Әйгерім рөлін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Жүсіп, Айдар рөлін – «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Е.Дайыров, Ажар рөлін – «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері Н.Қарабалина, Мағауия рөлін –Ж.Байсалбеков, Әбдірахман рөлін – Б.Айтжанов, Оразбай рөлін – ҚР еңбек сіңірген артисі А.Бектемір, Жиренше рөлін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрыс, Тәкежан рөлін – Ж.Әміров, Керім рөлін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Ақмолда, Баймағамбет рөлін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері О.Қыйқымов, Зейнеп рөлін – ҚР еңбек сіңірген артисі Р.Хаджиева сомдайды.