Францияда болған су тасқынынан 16 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда болған су тасқынынан 16 адам мерт болды

04.10.2015
Францияда болған су тасқынынан 16 адам мерт болды

Францияның Риверье маңында болған су тасқынынан мерт болғандар саны 16 адамға жетті.

Осыған дейін құрбан болғандардың саны 13 адам деген ақпарат таратылған. Бұдан соң ресми билік мерт болғандар санын 10 адам деп түзетті. Қазанның 4-і күні 16 адамның су тасқынының құрбан болып, тағы 3 адамның із-түссіз жоғалып кеткені мәлім болды.   

Жексенбі күні Ішкі істер министрі Бернар Казневпен бірге келген Франция президенті Франсуа Оланд  7-қазан күні Министрлер кеңесінің төтенше жағдайлар режимін енгізіп, биліктің алдағы 3 айда шығындардың орны толтыратындығын айтты.

Ішкі істер министрі қазіргі таңда құрбан болған азаматтардың кім екендігін анықтау жұмыстары жүріп жатқандығын айтады. 

Осы аптаның сенбісінен жексенбісіне қараған түнде Францияның оңтүстігіне үлкен нөсер жаңбар жауды, деп хабарлады korrespondent.net.

Хабарламаларға жазылу