Серікбол Сайлаубек: Көзілдірікті денсаулығыма байланысты шешпеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серікбол Сайлаубек: Көзілдірікті денсаулығыма байланысты шешпеймін

05.10.2015
Серікбол Сайлаубек: Көзілдірікті денсаулығыма байланысты шешпеймін

Бүгін «Таңшолпанда»  әнші Серікбол Сайлаубек қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Мамыр айынан бастап, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістанды аралап, 51 тегін  концерт қойдым. Оған дейін үнтаспам шыққан еді, оны да халыққа тегін тараттым.  Халықтың маған ақшасы емес, батасы қымбат. Сондықтан барлық жерде концерт 2 сағатқа созылды. Мәдениет үйінде емес, Орталық алаңда өткіздім. Алдағы уақытта Маңғыстау, Қызылорда және  солтүстік облыстарға бару жоспарда бар», - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші көзілдірікті шешпейтінінің себебін түсіндірді.

«Халықтан ештеңені жасырмаймын. Бір көзім мүлдем көрмейді. Екінші көзім -4,5. Мына көзілдірік арнайы жасалған. Сондықтан денсаулығыма байланысты көзілдірікті шешпеймін», - дейді ол.

Серікбол Сайлаубектің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу