Табиғи апаттан 5 адам мерт болды.
Қытайдың оңтүстігін басқан «Мучжигэ» тафунының құрбанына айналғандар саны 5 адамға жетті, тағы 168 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Осыған дейін 4 адам мерт болып, 16 адам із-түссіз жоғалып, 80 адамның жарақат алғаны туралы хабарланған болатын.
Тропикалық «Мучжигэ» тайфуны Гуандун провинциясының жағалауларында 4-қазан күні түстен кейін болған. Табиғи апаттан арал саналатын Хайнань провинциясы да зардап шегіп отыр.
Жексенбінің кешінде күшті жел Гуанси-Чжуан автономды ауданынан жетіп, Синьхуа агенттігінің мәліметтерінше, 870-тен астам адам қауіпті аймақта қалып, 50 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Табиғат апаттың салдарынан ауыл шаруашылығы алқаптары мен шаруашылық нысандарына үлкен шығын келді.