Бес бірдей банк ипотека беруді уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес бірдей банк ипотека беруді уақытша тоқтатты

16.02.2016
Бес бірдей банк ипотека беруді уақытша тоқтатты
Олар «ЦентрКредитБанкі», «Forte», «Сбербанк», «ВТБ» және «Казкоммерцбанк».

Бес бірдей банк ипотека беруді уақытша тоқтатты. Олар «ЦентрКредитБанкі», «Forte», «Сбербанк», «ВТБ» және «Казкоммерцбанк». Қаржы нарығының тұрақсыздығы салдарынан осындай қадамға барған қаржы ұйымдары ипотека талаптарын қайта қарастырмақ.

Ұлттық банк базалық ставканы 17 пайызға дейін көтеріп жібергендіктен тұрғын үй несиесінің үстеме ақысы да өсті. Нарықта теңге тапшылығы туындағанына орай несиені 10 жылдан аса уақытқа қарызға беру банктер үшін тиімсіз.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу