Павлолар облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Айгүл Марданова тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Ведомство басшысын бүгін әкімдікте өткен аппараттық жиында облыс әкімі Қанат Бозымбаев таныстырды.
Біздің анықтама:
Айгүл Қамзақызы бұған дейін Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болған. 1962 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Михайловский ауылында туған. Білімі – жоғары, 1984 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Винницк мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.
Марданова Айгүл Қамзақызы еңбек жолын 1984 жылы Прииртышск орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастайды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 26 жыл. Павлодар облысының Өнеркәсіп және сауда департаментінде, Туризм және спорт, Білім беру басқармаларында басқарушылық лауазымдарда болды. Качир ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Еске сала кетсек, аталмыш мемлекеттік мекемені Бауыржан Қапенов басқарған болатын.