Таңғы кеңес: Қаназдықтың алдын алу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы кеңес: Қаназдықтың алдын алу

07.10.2015
Таңғы кеңес: Қаназдықтың алдын алу

Дәрігерлер көктем, күз айларында қаназдық дертінің меңдейтінін айтады. Әсіресе анемияға қыз-келіншектер мен балалар жиі ұшырайды екен.

Жасөспірімдердің физикалық өсуінің бәсеңдеуі, терінің құрғап, түлеуі, топырақ, бор жеуі – қаназдықтың басты белгілері.

Сондай-ақ, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тез шаршағыштық, аяқ-қолдың тартылуы, тыныс алу қиындап, бас айналу  - анемияның алғашқы симптомдары.

Көз қарауытып, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, әлсіздік мазаласа, дәрігерге қаралған жөн.

Қаназдықтың алдын алу үшін сүт өнімдері мен жеміс жидекті көп пайдалану керек. Ас мәзірінде үнемі жұмыртқа, балық, ет өнімдері болғаны дұрыс.

Мамандардың кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу