Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев конференцияның ашылуында: «Жобаларды халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп іске асыру бюджеттен тыс инвестицияларды тарту және экономиканың тиісті салаларында қажетті құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтамасыз етеді», - деді.
Министр ағымдағы жылы халықаралық қаржы ұйымымен бірлескен 26 жобаның іске асырыла бастағанын, оған автомобиль жолдарынсалу, жылумен және сумен жабдықтау нысандарын салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобалардың кіргенін атап өтті.
ҚР Үкіметі мен Еуразиялық қайта құру және даму банкінің ынтымақтастығы 2014 жылы әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылған кезден бастап өзінің белсенді деңгейіне жетті. ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ЕҚҚДБ шағын және орта бизнесті қолдау және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша жаңғырту сияқты екі бағыт бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырмақ.
2015-2017 жылдары ҚР Үкіметі ЕҚҚДБ бірлесіп жылумен/сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі 16 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде, Қызылорда, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы коммуналдық инфрақұрылымды қайта жетілдіру шаралары да бар.
Қазақстан бойынша ЕҚҚДБ директоры Джанет Хэкман: «Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ Қазақстанда халықтың тұрмысын жақсартатын жобалар бойынша оннан астам облыспен ынтымақтасатынын» атап өтті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.