Қазақстанда шетелдік валютада ипотека беруге тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шетелдік валютада ипотека беруге тыйым салынады

07.10.2015
Қазақстанда шетелдік валютада ипотека беруге тыйым салынады

Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Ұлттық банк  қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданған болатын.

Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, заң жобасына сәйкес, ипотекалық несие шарты бойынша міндеттеме мерзімі өткеннен соң 180 күннен кейін сыйыақы мен тұрақсыздық айыбын есептен шығару нормасы да қамтылып отыр.

Несиенің де тұрақсыздық айыбының да мөлшері қайта қаралды.

Енді 90 күннен кейін несие айыбы төмен ставкамен есептеледі, бұл берілген несиенің 10 пайызынан аспауы керек.

Хабарламаларға жазылу