9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі, желдің күшейуі күтіледі, тек республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс бөліктерінде күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, түнде Қостанай облысының кей аймақтарында тұман түседі.