Мұнай бағасы өсті, сауда қорытындылары осыны көрсетіп отыр.
Бұл жағдай АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің қыркүйектегі мәжілісінің хаттамасы жарияланған соң қалыптасты. Нәтижесінде Brent маркасының баррелі 53 доллардан жоғары болды. Ал, WTI маркілі мұнай шілдеден бері алғаш рет барреліне 50 доллар болды.
Хаттамадан мәлім болғанындай, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің жетекшілері өткен айда Америка экономикасына төнген Қытаймен байланысты қауіптерді ескере отырып, пайыздық ставкаларды көтеру бойынша шараларды қарастырған жоқ.
Еске сала кетейік, 35 тоннаға жуық шикі мұнай операторы норвегиялық Statoil ASA болып табылатын Статьформ кенішінде болған жайсыз оқиғадан соң 35 тонна мұнай Солтүстік теңізге ағып кетті, деп жазады корреспондент.net.