Тегеранда Қазақстан Иран, Түркменстан темір жолдары басшыларының үшжақты кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда Қазақстан Иран, Түркменстан темір жолдары басшыларының үшжақты кездесуі өтті

09.10.2015
Тегеранда Қазақстан Иран, Түркменстан темір жолдары басшыларының үшжақты кездесуі өтті

Тегеран қаласында (Иран) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түркменстан теміржол көлігі Министрлігі мен  Иран Ислам Республикасы темір жолдарының басшылары арасында үшжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында  Қытайдан Иранға Қазақстан, Түркменстан, Иран аумағы арқылы жеткізілетін контейнерлік пойыздардың бірыңғай мөлшерлемелері  2015 жылдың 15 қазанынан бастап жүзеге асатындығы белгіленді.  Аталған келісімнің жүзеге асуы теңіз көлігінің жүк айналымын арттырып, трансқұрлықтық дәліздің өрісін кеңейтеді.

Сондай-ақ, Қазақстаннан Иранға, Ираннан Бендер-Аббас портына транзит арқылы жеткізілетін астық, қара металл, ферроқорытпа мен алюминий тасымалының жеңілдікті тарифтік шарттары келісілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Ұсынылып отырған жеңілдікті  тарифтік шарттар қазақстандық  экспорттың Индия мен Парсы шығанағының жаңа нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Осыған орай Қазақстан, Түркменстан және Иран темір жолдары басшылары арасындағы үш жақты кездесу 2015 жылы желтоқсан айының екінші жартысында Ашхабад (Түркменстан) қаласында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу