«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазы 5 млн теңге иеленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазы 5 млн теңге иеленеді

09.10.2015
«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазы 5 млн теңге иеленеді

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында арулар байқауының fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев мәлім етті.

Продюсердің сөзінше, ұйымдастырушылар осылайша ағымдағы жылы өтетін конкурстың жүлде қорын арттырып отыр.

«Шындығында, бес миллион теңге - бұл айтарлықтай қомақты қаражат, оған өз бизнесіңді де ашуға болады, жеңімпаз үшін мансабын жалғастыруға немесе өзінің білімін еліміздегі, әлемдегі жетекші университеттерде жалғастыруға да мүмкіндік болады. Осының өзі ынталандырудың ерекшелігі болса керек», - дейді С.Жақсыбаев.

Айта кетерлігі, ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, конкурсқа қатысу барша қазақстандық қыз-келіншектер үшін тегін болады. Ең бастысы олар Қазақстан азаматшасы болуы шарт.

«Барлық шығындар конкурс дирекциясының бюджетіне енгізілген. Біз бұны қыздарымыздың барлығына теңдей жағдай жасау үшін ойластырып отырмыз», - дейді ол.

Еске сала кетейік, «Қазақстан аруы-2015» 19-шы жыл сайынғы ұлттық конкурсы Астана қаласында 10 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаз ару СМС хабарлама арқылы халықты да қатыстыру жолымен айқындалмақ.

Хабарламаларға жазылу