«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан палуандары бас жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан палуандары бас жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО)

09.10.2015
«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан палуандары бас жүлдені жеңіп алды (ВИДЕО)

Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі аяқталды.

Биылғы жарысқа 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысты. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтті.

Дода Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Жарыстың финалында Қазақстан мен Өзбекстан палуандары күресіп, 5:2 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшылар екі дүркін «Еуразия Барысы» атанды.

55 келі: Айдос Сейпілұлы – Лазиз Мажидов: 1:0

66 келі: Ғалымжан Әбдірахманов – Хусен Осимов: 2:0

74 келі: Айдос Ғалымов – Расулов Камолоддин: 3:0

82 келі: Сұңғат Закарияев – Кудайбердиев Алишер: 4:0

90 келі: Асыл Барменов – Илхом Журоев: 4:1

-100 келі: Мұхит Тұрсынов – Авазхон Тоймурадов: 5:1

+100 келі: Айбек Нұғымаров – Мухсин Хисомиддинов: 5:2.

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Еуразия Барысы» жарысын тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу