Қозғалмалы «аралдар» сәнге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қозғалмалы «аралдар» сәнге айналды

10.10.2015
Қозғалмалы «аралдар» сәнге айналды

«Migaloo Private Submarines» компаниясы үлкен ғимаратты кеменің үлгісін жасап шығарды. «Kokomo Ailand» кеме ғана емес, ол – қозғалмалы «арал».

Кемені жеке курортпен салыстыруға болады. Онда көк тіреген пентхаус пен жағажай клубы, бассейн, кинотеатр, тренажер залдары, массаж кабинеттері, сән салоны – бәрі-бәрі бар.  

Оның экзотикалық ерекшелігінің бірі – кемеден джунглиді тамашалауға болады. Онда пальмалар, бақтар, сарқырамалар орналасқан.

Тіпті, кәуәп пісіретін және тікұшақ қонатын аландар да қарастырылған.

Айта кетейік, алып платформа 8 қозғалтқышпен жүреді. Жылдамдығы – сағатына 15 километр көлемінде.

Хабарламаларға жазылу