Күнде бір сағат серуендеу - мезгілсіз өлім қаупін 13-17 пайызға азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күнде бір сағат серуендеу - мезгілсіз өлім қаупін 13-17 пайызға азайтады

11.10.2015
Күнде бір сағат серуендеу - мезгілсіз өлім қаупін 13-17 пайызға азайтады

Зерттеушілер ұзақ өмір сүрудің сырын анықтады. Ол үшін көп қозғалмайтын уақыттың бір сағатын серуенмен алмастыру керек, дейді.

Егер серуенді күнделікті дағдыға айналдырса, өлім қаупі 12-14 пайызға дейін төмендейді, деп хабарлайды Medical News Today.

Сидней университеті қызметкерлерінің зерттеуі  200 000-нан астам ерікті қатысушыны қамтыған.  Қатысушылардың барлығы спортпен айналысуға уақыт таппайтыны белгілі.

Сондықтан зерттеушілер физикалық белсенділікке минималды деңгейде өзгеріс енгізу нәтижесін анықтамақ болған.

Бір орында отырып жұмыс істейтін адамдар бір сағат уақытын қимылмен өткізсе, өлім қаупін 5 пайызға азайтатыны анықталған.

Ал, ұйқысы қанбайтындар күндіз бір сағатын  ұйқыға арнаса, мезгілсіз өлім қаупін 6 пайызға азайтады. Сондай-ақ, күнде бір сағат серуендейтін немесе жаттығумен айналысатындар өлім қаупін 13-17 пайызға азайтады.

 

Хабарламаларға жазылу