Британ ғалымдары аптаның ең сәтсіз күнін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британ ғалымдары аптаның ең сәтсіз күнін анықтады

11.10.2015
Британ   ғалымдары аптаның ең сәтсіз күнін анықтады
Лондон мектебі мамандары адамзат үшін ең сәтсіз күнді анықтады. Зерттеуге қатысқан Англияның 20 мың тұрғыны бір тәулікте екі мәрте өз эмоцияларын сипаттап, жазып отырған. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, аптаның ең сәтсіз күні – сейсенбі болып отыр.  
 
Ғалымдардың сөзінше, адамзат дүйсенбі күні демалыс күндерде болып өткен естеліктермен өмір сүреді. Сәйкесінше, көңіл-күйі жоғары болады.
 
Ал, сейсенбі күні қауырт шаруалардың салмақ салуы, сонымен бірге, демалыс күндерге ұзақ уақыттың қалуы көңіл-күйін тез түсіріп жібереді.
 
Айта кетейік, бұған дейін зерттеу жүргізген Сидней ғалымдары  аптаның ең сәтсіз күні - сәрсенбі деген тұжырымға келген болатын. 
 
Интернет материалдары бойынша дайындалды.

Хабарламаларға жазылу