Ысқақ Қашқынбайұлы: Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ысқақ Қашқынбайұлы: Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту

12.10.2015
Ысқақ Қашқынбайұлы: Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту

Бүгін «Таңшолпанда» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы  Ысқақ Қашқынбайұлы қонақ болып,  9 қазанда республикамыздағы балалар құқықтары жөнінде Конвенцияның ережелерін орындау туралы өткен брифинг жөнінде әңгімеледі.

«Балалардың құқықтары туралы Конвенция – Елбасымыздың қол қойған құжаты. БҰҰ ұйымының 190 мемлекеті осы Конвенцияға қатысушы ретінде танылған. Бұл елдер бес жылда бір рет БҰҰ-да есеп береді. Қазақстан 1994 жылдан бастап осы Конвенцияға қосылып, балалардың мүддесін қорғау бойынша міндеттеме алған», - дейді ол.

Ысқақ Қашқынбайұлының айтуынша,  халықаралық сарапшылар Қазақстан Республикасының баланың құқығын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айтқан.

«Қазақстанның алға қойған міндеттерінің бірі – елде жетім балалар санын азайту. Қазіргі таңда Балалар үйін жабу мәселелері жүруде. Соңғы бес жылдың ішінде 26-ға жуық жетім балаларға арналған білім беру ұйымы жабылып, көбісі отбасы үлгідегі Балалар үйіне айналдырылды. Елімізде 31 мыңнан астам жетім бала бар. Оның 21 мыңы қазақстандық отбаыларда тәрбиеленіп жатса, 1800-і патронаттық тәрбиеде, 8 мыңға жуығы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленуде»,- деді Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу