Шымкентте Қазақстан, Ресей, Корея және Моңғолияның геолог-ғалымдары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Қазақстан, Ресей, Корея және Моңғолияның геолог-ғалымдары бас қосты

13.10.2015
 Шымкентте Қазақстан, Ресей, Корея және Моңғолияның геолог-ғалымдары бас қосты

Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысып, жер қойнауын зерттеу тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екенін айтты.  

«Солтүстік, Орталық және Шығыс Азияның металлогениясы және 3D геологиялық құрылымдары» тақырыбында өтіп жатқан 13-халықаралық мәжілістің көтеріп отырған негізгі мәселесі - 20 миллион шаршы шақырымнан асатын аумағы бар Азиялық континенттің басым бөлігінің тектоникасы мен геологиялық құрылымын айқындау.

Сондай-ақ Орталық Азия аумағының заманауи сандық геологиялық негізін құрып,  жобаға қатысушы елдердің ішкі және трансшекаралық аумақтарының минерагенді әлеуетін бағалау.

13 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан халықаралық жиын негізінде дүние жүзінде бірінші рет Орталық Азия және іргелес аумақтардың геологиялық карталарының атласы  әзірленді.

Оның құрамына монографиялық сипаттамасы бар геологиялық, тектоникалық, металлогениялық карталар және мәліметтер базасымен бірге отын-энергетикалық ресурстарының  карталары кірді.

Бұл жобаға қатысушы елдердің геологиялық карталарын толықтырып, барынша айқындап беруге мүмкіндік берді. Соның арқасында пайдалы қазбалар кен орындарының көзі анықталуда деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу