Сәби дүниеге келгеннен бастап ерекше күтімді қажет етеді. Баланың сыртқы ортаға бейімделу үшін, алдымен, оның бөлмесін жабдықтау керек.
Сонымен қатар, шомылдыру да - сәби денсаулығының басты кепілі. Бастапқы 6 айда баланы күнделікті суға түсіру қажет.
Бала бұлшық етінің дамып, жетілуіне гимнастиканың маңызы зор. Дәрігерлер баланы сылап-сипауда дәстүрлі әдіске жүгінбеуді ескертеді.
Әсіресе сәбиді қойдың майымен сылау – дұрыс емес. Ол терінің өзектерін бітеп, тыныс алуды қиындатады.
Бала күтімі туралы педиатр кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.