Күзгі депрессиямен күресудің тәсілдері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күзгі депрессиямен күресудің тәсілдері (ВИДЕО)

14.10.2015
Күзгі депрессиямен күресудің тәсілдері (ВИДЕО)

Күннің қысқаруы, бұлыңғыр ауа райы, сұп-сұр дүние көңілді түсіріп, жұмысқа деген қабілетті төмендетеді. Көңілсіз ойларға жетелейді.

Бұл ағзада мелатонин атты гормонның пайда болуына септігін тигізеді. Бұл гормон адамды күйзеліске ұшыратады.

Психологтардың айтуынша, соңғы кезде құлазу дерті адамдар арасында жиі кездеседі. Нәтижесінде адамды еш жаңалық қызықтырмайды. Жалғыздық сезімі жаулайды.

Құлазу кезінде адам қара түске әуес болады. Терезе перделерін жауып қоюға тырысады. Қайғыға толы суреттер салады.

Мұндай кезде, алдымен, тыныс алуды реттеген жөн. Бұл миға оттегінің жақсы жетуі мен қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді.

Күзгі депрессиямен күресудің бірнеше тәсілін ұсынамыз:

  1. Далаға шығып, әр 4 қадам сайын тыныс алып, келесі 4 қадамда ауаны шығармай, тағы 4 қадам жасап барып ауаны сыртқа шығару керек. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталау қажет.

2.  бөлмедегі заттардың бәрін ақ жамылғымен жауып, 2-3 сағаттай ортасында отыру керек. Бұл жүйкенің қалпына келуіне ықпал етеді.

Күзгі депрессиямен күресудің тәсілдері туралы  толығырақ  «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. 

Хабарламаларға жазылу