Душанбе маңындағы Арбобхотун ауылында орналасқан мұнай базасында болған жарылыстан 4 адам мерт болды.
Бұл туралы Тәжікстан Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметтерінше, кеше кешкісін техника қауіпсіздігін орындамаудың салдарынан «Газпромнефть-Тәжікстан» компаниясы жалға алған «Бафоев Гайбулло» жабық акционерлік қоғамындағы желімдеу жұмыстарының барысында жарылыс болды.
«Аталмыш кәсіпорынның 4 қызметкері мерт болып, тағы бірнеше адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті»,-делінген хабарламада.
Бұл туралы www.segodnya. хабарлады.