Головкин-Лемье кездесуінің ресми демеушісі бұқаралық жүгіру ұйымдастырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Лемье кездесуінің ресми демеушісі бұқаралық жүгіру ұйымдастырмақ

15.10.2015
Головкин-Лемье кездесуінің ресми демеушісі бұқаралық жүгіру ұйымдастырмақ

BI Group, аталмыш кездесудің ресми демеушісі, ол елдегі барлық БАҚ өкілдерін алдағы болатын сайыстың құрметіне орай бұқаралық жүрігуге қатысуға шақырады.

«Геннадийді қолдап, оған жеңіс тілейік. Біз бүкіл әлемге өзіміздің Қазақстанға, Генаға қолдау білдіретінімізді көрсеткіміз келеді»,-делінген Головкин-Лемье кездесуінің ресми демеушілері таратқан ақпаратта.

Жүгіру Астанада 16-қазан күні Есіл жағалауында сағат таңғы 7-00-де басталады. Ал, Алматыда бұл шара қазанның 17-не сағат таңғы 7-00-ге жоспарланған.   

 

 

Хабарламаларға жазылу