Орталықты ашудағы мақсат - мүгедектігі бар жандардың өмірге деген белсенділігін арттыру болып табылады.
Аталмыш әлеуметтік жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар туризм саласы бойынша дәріс, психологиялық және заңгерлік кеңестер ала алды.
Мүгедектер үшін спорттық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер мен арт-терапия, өзін-өзі бағалау бойынша тренингтер ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, спа-процедура, бассейн, күнделікті таңғы жаттығулар, серуен, караоке және дискотека сияқты қамтылған арнайы бағдарламалар дайындалды.