Оңтүстік Қазақстанда өңірдің туризм саласын дамытуда белсенділік танытқан БАҚ өкілдері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда өңірдің туризм саласын дамытуда белсенділік танытқан БАҚ өкілдері марапатталды

16.10.2015
Оңтүстік Қазақстанда өңірдің туризм саласын дамытуда белсенділік танытқан БАҚ өкілдері марапатталды

Облыстық Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамыту әлеуеті» атты облыстық байқау ұйымдастырылған болатын.

Байқауға қатысушылар «Ең үздік бейне көрсетілім», баспа беттеріндегі «Ең үздік мақала» және интернет-ресурстарындағы «Ең үздік жарияланым» аталымдары бойынша марапатталды.

Байқауға облыстағы негізгі БАҚ өкілдері қатысып, 20 шақты жұмыс ұсынылған болатын. Нәтижесінде, «Ең үздік бейне көрсетілім» аталымы бойынша бірінші жүлдені «ТВК» телеарнасы алса, екінші жүлделі орынға «Тұран ТВ» телеарнасы лайықты деп табылды. Ал жүлделі үшінші орынды «Айғақ» телеарнасына жеңіп алды.

«Ең үздік мақала» аталымы бойынша бірінші орынға «Панорама Шымкента» газеті шықса, екінші орынға «Южный Казахстан» газеті, үшінші орынға «Оңтүстік Қазақстан» газеттері ие болды. Сонымен қатар, интернет-ресурстарындағы «Ең үздік жарияланым» аталымының жүлделі бірінші орын «Тұран ТВ» телеарнасының сайтына, екінші орын «Қазақстан - Шымкент» телеарнасының сайтына, ал үшінші орын «Kaztimes.com» ақпараттық порталына тапсырылды. 

Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталып, марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Айта кетсек, облыс көлемінде жұмыс істеп жатқан 236 бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Оның 175-і газет, 37-сі журнал, 12-сі телеарна болса, 3-і радио және 9 интернет сайт.

 

Хабарламаларға жазылу