Алматы облысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды

17.10.2015
Алматы облысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды

Алматы облысында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК-ның оқу-жаттығу орталығында шақырылуға дейінгі жастар арасындағы спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнир басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру Қазақстан Қарулы Күштері қызметінің маңызды құрамдасы, әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштерде әскери қызметке дайындау, әскери қызмет өткеру кезінде қажет олардың дағдысы мен шеберліктерін қалыптастыру, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау, дене тұрғысында жетілдіру, жастарды әскери-қолданбалы және техникалдық даярлау.

Осының аясында Алматы облысында шақырылымға дейінгі жастар арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнир өтті. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облысы мен Алматы қаласынан жиналған командалар Панфиловодағы спорттық базада бас қосты.

Жас ерекшелігі бойынша бозбалалар 14-15 жастан кіші және 16-17 жастан үлкендер өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Турнир үш күн бойы, яғни, 16, 17 және 18 қазанда өтеді. Әр күні спорттың жекелеген әскери-қолданбалы түрі, кешенді жекпе-жекпе турнирі, әскерилендірілген кросс және пневматикалық винтовкадан оқ ату ұсынылатын болады.

Ашылу рәсімі кеше 16 қазанда болды. Оған жеңіл атлетикадан Олимпиадалық чемпион Ольга Шишигина, спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша ҚР мемлекеттік бапкері Мәдениет Жақыпов, ҚР ҚМ СК-АОСК-ның тәрбие-идеологиялық жұмыстары бөлімінің бастығы Мейіржан Жұмабаев пен ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттығу орталығының бастығы Микаил Климатов қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінуде. Барлық өңірлерде, қалаларда жастарымыздың оқуына, спортпен шұғылдануына және өз Отанының лайықты азаматының барлық қасиеттерін сіңіруі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

 

Хабарламаларға жазылу