«Coca-cola» сусыны туралы 15 факт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Coca-cola» сусыны туралы 15 факт

19.10.2015
«Coca-cola» сусыны туралы 15 факт

Бұл сусынды әлемде білмейтін адам жоқ. Зерттеу компанияларының пікіріне сүйенсек әлем халқының  94 пайыз «Coca-cola»-мен таныс. Бірақ, оның құпиялары туралы барлығы біле бермейді.

1. Өзгермейтін логотип

Көптеген компаниялар өз логотиптерін өзгерту үшін көптеген қаражат бөліп жатса, кока-кола оған басын ауыртпады. Танымал жазу 1886 жылы буxгалтер Фрэнк Робинсонның тырысуымен пайда болды. Робинсон ойлап тапқан логотип қазір де пайдаланылып келеді. Компания дизайнерлері тек шамалы ғана өзгерістер енгізгені болмаса, өз тариxында кока-кола ешқашан белгішесін өзгерткен емес.

2. Жүйкені тыныштандыратын сусын

1886 жылы Кола алғаш сатылымға салқындатылған сусын ретінде емес, жүйкені тыныштандыратын сусын ретінде шыққан. Сонымен қатар, Джон Пербентон өз сусынын импотенциядан қорғайтынын да айтқан.

3. Құрамында кокаин бар

1903 жылға дейін коланың құрамында кокаин бар болған. Кейбіреулер мұны тек аңыз, деп ойлайды. Бірақ, ол кезде кокаин тыйым салынған зат болмағандықтан газ жасау үшін кокаиннің жапырақтары пайдаланылған.

4. Кока-кола әлемде ішілетін сусындардың 3 пайызын құрайды

Компания басшылығы 2014 жылғы баяндамасында қызықты мәліметпен бөлісті. Олардың айтуынша, кока-кола әлемде күн сайын ішілетін сусындардың 3 пайызын құрайды (ауызсуды есептемегенде).

5. Қай елдерде кока коланы таба алмайсыз

Әлемде бұл газдалған сусынды сатпайтын екі ғана мемлекет бар: Куба мен Солтүстік Корея. 2012 жылға дейін бұл тізімде Мьянма да болған. Тәтті сусынды, оны ең алғаш пайдаланған шетелдің бірі Кубаға кіргізу 1960 жылдары тоқтатылды. Ал, Солтүстік Кореяның дүкендерінде бұл сусын ешқашан болған емес.

6. Кока-коланың барлық өнімін пайдаланып көру үшін қанша уақыт керек

Компания үлкен мөлшерде әртүрлі сусындар шығарады. Егер күн сайын жаңа біреуінің дәмін татып отыратын болса, барлығын бітіру үшін кем дегенде 9 жыл уақыт керек. Қазіргі уақытта компанияда 3500 сусын мен 500 брэнд бар. Ресей сауда орындары сусынның тек 20 түрімен ғана таныс.

7. Кока-кола және айға дейінгі жол

Егер осыған дейін компания шығарған кока-коланың 200 млден сәл көп сусындарынан жол жасаса оның ұзындығы Ай мен Жердің арақашықтығынан 2000 есе ұзын жол шығады.

8. Кока кола брэнді қанша тұрады?

Қазіргі  таңда кока-кола 83,8 млд долларға бағаланып отыр. Бұл «KFC», «Subway», «Рepsi», «Вudweiser» компанияларын қосқандағы бағадан көп.

9. Барлығына түсінікті сөз

Компанияның айтуынша, кока-кола әлемдегі «ок» сөзінен кейінгі ең түсінікті сөз екен.

10. Коланы барлығы жақсы көретін жер

Көбісі коланы АҚШ-та көп пайдаланады, деп ойлайды. Бірақ, олай емес. Коланы пайдалану бойынша көш бастап тұрған – Мексика. Орта есеппен жылына бір мексикандық коланың 745 құтысын ішеді екен. Құрама штаттыкі орталау, 400 шамасында.

11. Купон концепциясы

Компания өздерінің арқасында купон концепциясы пайда болғанын айтады (тегін тауар алу үшін купон). Алғаш 1887 жылы шыққан купондарды кока коланың тегін газдалған сусынына айырбастауға болатын еді. Мұндай купондарды xалық почта арқылы немесе журналдан қиып алатын. Компания басшылығының айтуынша, осы тәсіл компанияға үлкен танымалдылық алып келіп, шетел саудасына шығуға жол ашты.

12. Санта Клаустың пайда болуы

12. Аяз ататын әріптесі Санта өзінің қазіргі келбетіне кока-коланың дизайнері Хэддон Сандбломға «қарыз». Ол 1931 жылы қызыл костюмдегі ақ сақалды көңілді сиқыршы шалдың суретін салған. Жаңа жылдық жарқын кейіпкер пайда болғаннан кейін, 1921 жылы құрылған кока-коланың жаңа жылдық компаниясының танымалдылығы арта түсті.

13. Байкот және Олимпиада

1980 жылы АҚШ үкіметі КСРО-дағы Олимпиада ойындарына байкот жариялағанда, тәтті сусынның басшылығы оған қосылмай, спорттық ойындардың серіктесі болған. Дәл сол жылы Одақтас мемлекеттер алғаш рет коланың дәмін татып көрді.

14. Алғаш космоста

1985 жылы кола космосқа ұшқан алғашқы алкогольсіз сусын болды. Газды сусынды шығарушылар астронавтарға арнап ерекше сорғышы бар сусын құтысын шығарды.

15. Сусынға арналған температура

Танымал сусынды шығарушының пікірінше сусынға арналған температура Цельсий шкаласы бойынша 1,1 мен 3,3 градус арасында.

Хабарламаларға жазылу