Мексикада болған құрғақшылықтың салдарынан 400 жыл бұрын салынған шіркеу көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада болған құрғақшылықтың салдарынан 400 жыл бұрын салынған шіркеу көрінді

19.10.2015
Мексикада болған құрғақшылықтың салдарынан 400 жыл бұрын салынған шіркеу көрінді

Құрғақшылықтың салдарынан елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде су деңгейі

24 метрге төмендеді. Соның салдарынан су астында қалған көптеген қирандыларды табуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды The Independent.

Ғимараттың биіктігі кейбір жерлерде 10 метрге дейін жетеді, ал оның ұзындығы 61 метр, ені 14 метр. Храмды XVI ғасырда испан колонизаторлары салған деген деген болжам бар.  

Өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдары су астында қалған шіркеу жақын маңда дамба орнатылғаннан кейін жиі су бетіне шығатын болған.

2002 жылы судың деңгейі төмен түскені соншалық, ғимараттың бөліктерін жаяу барып көруге болатын жағдайға жеткен. Бұл жолы ескі ғимаратқа серуенді өздерінің қайықтарымен жергілікті балықшылар жасады. 

Ғимаратты жергілікті тұрғындар Чьяпастағы ең бірініші және тұрақты епископ Бартоломе де лас Касасамен байланыстырады.

Тұрғындардың пайымдарынша, ол 1540 жылы осында келіп, ғимаратты дін жолында жүрген азаматтармен бірге тұрғызған.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу