Премьер-лига: «Қайрат» және «Астана» командаларының кездесуі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-лига: «Қайрат» және «Астана» командаларының кездесуі өтеді

21.10.2015
Премьер-лига: «Қайрат» және «Астана» командаларының кездесуі өтеді

25 қазан күні, сағат 17.50-де өтетін Қазақстан Премьер-Лигасының 30-шы туры аясындағы «Қайрат» пен «Астана» футбол клубтарының кездесуі еліміздегі айтулы оқиғалардың бірі болғалы тұр.

Турнир кестесінің нәтижелері бойынша «Қайрат» «Астанадан»  5 ұпайға алда тұр. Бұл ойын кімнің мықты екенін анықтайтын шешуші айқас. Чемпиондыққа талас барысында «Астана» «Қайраттың» қарқынына төтеп бере ала ма? Тартыстың соңы қандай нәтижемен аяқталады? Футбл жанкүйерлерін толғандырған осы және өзге де сауалдардың жауабын футбол ойынының соңында білетін боламыз.

Алаңдағы алпауыттардың ойынын қос команданың жанкүйерлері тағатсыздана күтіп, қазақстандық «эль-классико» футбол матчын тамашалауға әзір.

Осы жексенбіде, «Қазақстан» арнасының көрермендері тікелей эфирде эмоцияға толы матчтың куәгерлері болады.                                        

Футбол жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер сыйлайтын қызықты да, тартысты ойынды күтеміз.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу