Кей жерлерде жауын-шашын сақталады, екпіндетіп жел соғып, тұман, көктайғақ болады. Тек батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін, кей жерлерінде бұрқасындатады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күші секундына 23 метрге дейін жетеді.