«Nike» бауы өздігінен байланатын спорттық аяқ киімді сатылымға шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nike» бауы өздігінен байланатын спорттық аяқ киімді сатылымға шығарды

22.10.2015
«Nike» бауы өздігінен байланатын спорттық аяқ киімді сатылымға шығарды

Спорттық киімдер шығаратын «Nike» компаниясы «Болашаққа қайту-2» фильмінде көрсетілген бауы өздігінен байланатын кроссовка үлгісін сатуға шығарды. Бұл туралы компания сайтында хабарланған.

Компания осындай кроссовканың бірінші шығарылымын фильмдегі Марти Макфлайдың рөлін сомдаған америкалық актер Майкл Джей Фоксқа сыйлады, делінген хабарламада.

2015 жылы Nike Mag-тың шектеулі саны шығарылады. Оларды бәссауда арқылы ғана сатып алуға болады, одан түскен қаражат Майкл Джей Фокстың иелігіндегі Паркинсон ауруларын зерттеу қорына жіберіледі.

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу