«Мен» - өресі биік өнерлі жастардың басын біріктірген театр. Құрамында 19 дарын иесі бар. Олардың бәрі - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетінің 4-курс студенті.
Жастар бірнеше өнерді біріктіретін музыкалық сахналық қойылым – мюзиклді дамытуда. Әрбір қойылым ерекше шеберлікпен және дәлдікпен ойластырылады.
Қойылымда ән де, би де, акробатикалық элементтер де кездеседі.
Театр ұжымы «Қыз Жібекті» ең алғаш мюзикл жанрына көшірді. Бұл қойылыммен Оңтүстік Кореяда өткен байқауға қатысқан.
«Мен» театры туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.