Ауа райы: Еліміздің басым аймағында тұман түсіп, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым аймағында тұман түсіп, жел күшейеді

23.10.2015
Ауа райы: Еліміздің басым аймағында тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жауын жауады, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, республиканың  қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, түнде желдің күші 15-20  м/с-ға дейін жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей аймақтарында бұрқасын болып, тұман түседі, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман  түседі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман түседі. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, желдің күші 17-22 м/с болады.

Хабарламаларға жазылу