Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте жақын, деп айтуға болады.
Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қызыққа толы «Жаңа қоныс» комедиялық сериалын бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.