Әлемдегі ең қымбат қонақ үй - Грециядағы «Grand Resort Lagonissi» қонақ үйі. Мұндағы ең қарапайым бөлменің бір түндік бағасы 50 мың АҚШ долларын құрайды.
Қонақ үйде керектінің бәрі бар. Тіпті, жеке жағажай мен жылытылатын сәнді хауызды, сарай қызметшісі мен пианиношыны да жалға алуға болады.
Сондай-ақ, 2 теннис корты, ойын алаңдары, мини-гольф және су асты жүзу орталығы туристерді қызықтырмай қоймасы анық.
Қонақ үйде бірнеше мейрамхана орналасқан. Сонымен қатар, мұнда арнайы конференц-залдар мен жеке көлік тұрағы, тікұшаққа арналған алаң бар.