Әлемнің үздік ерлер мен әйелдер мәнерлеп сырғанаушыларының арасында өтетін турнир 6 кезеңнен тұрады. Қытысыушылар еркін бағдарлама, жұптық сырғанау және мұз биі санаттары бойынша сынға түседі. Жарыстың ең үздік алты спортшысы жыл соңында Гран-при турнирінің ақтық сайысына қатысуға жолдама алады.
Еске сала кетейік, Гран-при маусымының алғашқы кезеңін «KAZsport» телеарнасынан 23-25 қазан күндері тікелей эфирден көрсетті.
Ал, бүгін сағат 00:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Гран-при турнирінің гала-шоуын тікелей эфирде көрсетеді.